Мектеп кітапханашысы К.Ш.Махашова «Жол жүру тәртібін білесің бе?» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді

Дата: 2021-01-29 11:10:49
Мектеп кітапханашысы К.Ш.Махашова  «Жол жүру тәртібін білесің бе?» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді

29 қаңтарда 2 А сынып оқушыларымен мектеп кітапханашысы К.Ш.Махашова  «Жол жүру тәртібін білесің бе?» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларға сұрақ бере отырып , жолда жүрі тәртібі туралы мағлұмат берілді. Оқушылар белсене қатысып, қойылған сұрақтарға  жақсы жауап берді.

Мақсаты: Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету; өз ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру; оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу. Жүргінші өтпелерінің белгілерін қай жерде, қалай кездесетінің ұғындыру. Көшеде дұрыс жүру ережесін қалыптастыру. Бағдаршам туралы ақпарат беру. Қауіпсіздік ережесін меңгерту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту. Сөздік қорын арттыру.

 Біздің қаламызда сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындауы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.

Автор: №5 ОМ