Информатика мұғалімі қалалық деңгейде «Web-сайт құру» тақырыбында воркшоп өткізді
Дата: 2021-01-29 08:35:26
27.01.2021 Балқаш қаласы «Жалпы білім беретін №5 мектебінің» информатика пәнінің мұғалімі Қабду Мадина Айбекқызы қалалық деңгейде «Web-сайт құру» тақырыбында воркшоп өткізді. Воркшопқа қала мектебінің информатика пәнінің мұғалімдері қатысты. Мақсаты: Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынымен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты, соңғы кездегі программалауға деген қызушылықты арттыру. Қолданылған сайттар: Турбосайт, Wix.com және http://xn--5-7sb.com/ Соңында сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар алынды.