Құқық бұзушылықты алдың алу бойынша, ата – аналармен өткізген жиналыстың ақпары

Дата: 2021-01-14 09:58:27
Құқық бұзушылықты алдың алу бойынша, ата – аналармен өткізген жиналыстың ақпары

Құқық бұзушылықтың алдың алу бойынша оқушылардың бос уақытын пайдалы ұйымдастыру және сынып жетекшілер түрлі іс-шаралармен қамтамасыз ету туралы ата – аналармен онлайн жиналыс ұйымдастырылды.

Карантин кезіндегі шектеу шаралары кезеңінде баланың бос уақытын қалай тиімді пайдалану болатындығы туралы психологы Надирбекова Саягуль Балтабекқызы  бірнеше ұсыныстар берді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және ата-аналарға шектеу шаралары туралы жадынамамен әлеуметтік педагог  таныстырып өтті. Мектеп директоры  Абдуалиева Айна Тлеккабыловна   ата-аналарға  құқық бұзушылықтың алдың алу бойынша, қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында қылмыстың өрбіп тұрғаны, балаларды үнемі бақылауда ұстау керек екендігі жайлы түсіндірді. Әкімшілік құқықбұзушылықтың заңдары және оған салынатын айыппұл мөлшерімен таныстырып, нұсқаулар берді.

Автор: №5 ОМ