№3 педагогиалық кеңес өтті
2021 жылдың қаңтар айының 06 күні ЖББ №5 орта мектебінде кезекті педагогикалық кеңес өтті. «Білім беру жүйесінде АКТ қолданудың оқушы дамуына ықпалы» тақырыбында директордың ақпараттықісі жөніндегі орынбасары Мұқаметжан Т.Дөз баяндамасын ұсынып, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, білімдерін онлайн жалғасыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.Келесі сұрақ бойынша С.А.Жакупбекова І І -тоқсандағы оқушылардың оқу үлгерімі мен оқу сапасы бойынша айтып өтті.ІІ тоқсандағы білім сапасының сараптамасына тоқталды. Мектеп директоры Абдуалиева А.Т білім сапасы бойынша төмен көрсеткіш көрсетіп отырған сыныптардың ата –анасымен,сынып жетекші арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жақсартып,оқу сауаттылығы мен оқушылардың жазу каллиграфиясына ерекше мән беру керектігін баса айтты.Оқушылардың тыңдалым,айтылым дағдыларын жақсартудағы жобалардың өзектілігін айта отырып, зерттеу үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп, туындаған мәселелердің шешужолдарын айқындап берді.