Мектеп үйлестірушісі Ж.М.Имангалиева «Сабақты зерттеу – кәсіби дамудың жарқын жолы» тақырыбында мектепішілік оқыту семинарын өткізді
Дата: 2021-01-09 10:49:05
Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебінің мектеп үйлестірушісі Ж.М.Имангалиева «Сабақты зерттеу – кәсіби дамудың жарқын жолы» , «LESSON STUDY –ді (Сабақты зерттеу) жоспарлау тәсілдерін қарастыру» тақырыбында, магниттік мектептің жоспарына сәйкес, мектепішілік оқыту семинарын өткізді.
Мақсаты:
Сабақтағы зерттеу негізінде мұғалім тәжірибесіне тиімді әрекеттерді , тақырыптарды таңдауға ықпал жасау.
Сабақты зерттеу және тәсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесу; педагогикалық шеберлігін, шығармашылығын жетілдіруге әдістемелік көмек беру
Міндеттері:
-Өз тәжірибесіне зерттеу жүргізіп, оның нәтижесін бағамдау тәсілдерін (жолдарын) зерделеу;
-Сабақты зерттеу үдерісінің әрбір сатысын зерделеу;
-Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру;
-Білім беру технологияларын енгізу арқылы сабақтардың сапасын көтеру;
-Фокус-топта ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату.
• LESSON STUDY –ді жоспарлаудың мақсатымен таныстыра отырып , алда істелетін іс-шараларға тоқталды. Мектеп үйлестірушісі зерттеу сабақтарына жасалған жоспармен таныстырып, фокус топтардың жұмыстары зерттеу әрекеттері туралы толық мағлұматтар берілді. Қажетті құжаттар мен нұсқаулықтар ұсынды.
«...Есікті жауып алып, өз сабағын бере беретін мұғалімдер кенеттен: «Тұра тұрыңдар, бұл мен үшін, сондай-ақ сабақтағы балалар үшін пайдалы ғой. Мен істеп отырған нәрсе менің сыныбымның ғана емес, бүкіл мектептің нәтижесін көрсетпей ме!?» деп ойлану - әр ұстаздың міндеті , деп қорытынды жасады.