"Менде оқимын, сенде оқы" атты жобаның жұмысы зум платформасымен 1-11 сыныптар арасында жаппай кітап оқылды
Дата: 2020-12-28 12:02:58
Кіріспе сөзді Тусупова Гулден Женисовна бастап берді.
"Кітап оқу сарқылмас қазына" - деп бастап, кітап оқудың 7 пайдасына тоқталып кетті.
Кітап оқудың 7 пайдасы:
1. Кітап оқу- қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі .
2. Кітап оқу-жадыны және ойлауды дамытады .Яғни көп оқыған адам тез ойлап, тек қорыта алады.
3. Кітап оқу-талдауға, сараптауға, өзіндік пікір қалыптастыруға үйретеді.
4. Кітап оқу- көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізгі.
5. Кітап оқу- дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
6. Кітап оқу- сөздік қорды байытады және сауаттылық деңгейін арттырады.
7. Кітап оқу- адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.
деп бастап берді.
Әр сыныптан оқушылар әр түрлі мәтін,әңгіме оқыды.