Размер шрифта:

«Өнегелі өмір» жетістік пен табысқа жеткен адамдармен кездесу жобасы

Дата: 2020-12-28 11:58:37
 «Өнегелі  өмір»  жетістік пен табысқа  жеткен адамдармен кездесу жобасы

«Балқаш  қаласы  жалпы  білім  беретін  №5 орта мектебі» КММ-де 23.12.2020 күні «Өнегелі  өмір»  жетістік пен табысқа  жеткен адамдармен кездесу жобасы аясында  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің бірі «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру  бойынша  Балқаш қаласының дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту мақсатында  8«А», 10«А» сынып  оқушыларымен Мұқаметжан  Тоғжан  Дауренқызының ұйымдастыруымен «Ғұмырымның көктемі» тақырыбында Облыстық  «Орталық  Қазақстан» газеті  Бас  редакторының  орынбасары , «Ғұмырымның көктемі» жыр жинағының авторы, 2012 жылғы халықаралық  «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Мәңгілік ел-ұлт мұраты» республикалық жыр мүшайрасының ІІ орын  жүлдегері ақын  Ілияс Дүнгенбайұлы Мұқаевпен  кездесу  өткізілді. Кездесу  барысында  Ілияс Дүнгенбайұлы өз еңбек  жолы  және шығармашылығы  туралы  ойларымен  бөлісті.Ақындыққа  жаны  құмар  сынып  оқушылары  ақын  ағаларына бірнеше сұрақтар қойып, жүйелі  жауаптарын  алды.

Автор: №5 ОМ