«Бір отбасы-бір кітап» жобасы аясында Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасынан сахналық қойылым көрсетті

Дата: 2020-12-11 10:40:45

Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 5 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Жұмағали Мерұланның отбасы мен Мұрат Сұлтан  облыстық «Бір отбасы-бір кітап» жобасы аясында Абай Құнанбаевтың  «Ескендір» поэмасынан сахналық қойылым көрсетті. Жобаның мақсаты: Отбасындағы балалардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру арқылы, жанұямен кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқу мәдениетін қалыптастыру. Абай шығармаларын жұртшылыққа таныту, насихаттау,оқушылардың сөз өнеріне, ұлттық руханиятқа ықыласын арттыру.

Басты рөлдерді сомдағандар: Мерұланның әкесі- Касенов Ермурат Жумагалиевич, Филип патша рөлін, інісі - Жұмағали Ердәулет Ермұратұлы, Аристотель рөлін, Жұмағали Мерұлан Ермуратұлы- Ескендір рөлін сомдаса, Мұрат Сұлтан Дарынұлы автор сөзін оқыды.Отбасы мүшелері поэманың мазмұнын аша отырып, адам баласының бұл жалғанда ештеңеге көзі тоймасы анық екенін, тек қара жер қойнауына кіріп, топырақ жамылғанда ашкөздігі толастап, сабасына түсетінін сахналық көріністері арқылы ой салды.Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 5 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Жұмағали Мерұланның отбасы мен Мұрат Сұлтан  облыстық «Бір отбасы-бір кітап» жобасы аясында Абай Құнанбаевтың  «Ескендір» поэмасынан сахналық қойылым көрсетті. Жобаның мақсаты: Отбасындағы балалардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру арқылы, жанұямен кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқу мәдениетін қалыптастыру. Абай шығармаларын жұртшылыққа таныту, насихаттау,оқушылардың сөз өнеріне, ұлттық руханиятқа ықыласын арттыру.

Автор: №5 ОМ