«Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі» тақырыбында отбасы сағаты өткізілді.

Дата: 2020-12-07 16:15:39
«Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі» тақырыбында   отбасы  сағаты  өткізілді.
ЖББ № 5 орта мектебінде 27.11.2020ж күні сағат 17.00-де Оқушылардың ғаламторға тәуелділік болмаудың алдын алу, ата – анаға тәуелділік деңгейін анықтау барысында жүргізілетін әдістемелік, психологиялық көмек көрсету мақсатында «Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі» тақырыбында отбасы сағаты өткізілді.
Күн тәртібінде: «Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі» тақырыбында мектептің информатика пәні мұғалімі Мұқаметжан Тоғжан Дауренқызы интернеттегі «АгА» (http://www.big- big.ru/poiskoviki/agakids.ru.html, көптеген қауіпсіз іздеу жүйелерін көрсетіп түсіндіріп өтті.
«Ғаламтордағы кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында мектептің педагог-психологы Надирбекова Саягуль Балтабековна оқушылардың ғаламторға тәуелділік болмаудың алдын алу және ата – анаға тәуелділік деңгейін анықтау барысында жүргізілетін әдістемелік, психологиялық көмек бере отырып, киберқауіпсіздіктен сақтану жолдары туралы ерекше айтып өтті. Жиналыс соңында ата-аналар бірнеше сұрақтар қойып тиісті жауаптарын алды.
Автор: №5 ОМ