Тәуелсіз Қазақстан - бейбітшілік, жақсылық келісім елі
Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебінің, 8 «А» сыныбында , Ж.М.Имангалиеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан - бейбітшілік, жақсылық келісім елі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:Оқушыларды Қазақстан Респубикасының жеткен жетістіктерімен таныстыру, Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының алғашқы бөлімінде «Тәуелсіз Қазақстан- бейбітшілік, жақсылық келісім елі» тәрбие сағатын бастамас бұрын, бұл мерекенің маңызымен таныстырылды. Алтайдан Алатауға дейін ұлан -ғайыр жерді мекен еткен ата -бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Тәрбие сағатына арналған таныстырылым (презентация) көрсетілді.
Екінші бөлімінде , Чекушкина Меланья, Ораз Жансерік, Мейрам Аида тәуелсіз ел туралы, еліміздің жетістіктері туралы жаттаған сөздерін өлеңдерін оқыды.
Тәрбие сағатының соңында, Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек. Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп , қорытынды жасалды.