«Бірге оқимыз» жобасы аясында облыстық деңгейде «Қашықтықтан оқыту процесінде информатика пәні бойынша тиімді платформаларда тапсырмаларды ұсыну» тақырыбында воркшоп өткізілді
04.12.2020ж. күні ЖББ №5 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызы «Бірге оқимыз» жобасы аясында облыстық деңгейде «Қашықтықтан оқыту процесінде информатика пәні бойынша тиімді платформаларда тапсырмаларды ұсыну» тақырыбында воркшоп өткізді. Мақсаты: Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру платформаларының мүмкіншілігін пайдалана отырып, АКТ құзыреттіліктерін дамыту. 5 платформаның goformative, triventy, liveworksheets, classroomscreen, flippity платформаларының тиімділігі мен ерекшеліктеріне тоқталды. Қашықтықтан оқыту жүйесінде платформалар, вебқызметтер, интерфейстердің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, білімдерін онлайн жалғасыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алатыны туралы айтылды.