«Мен оқимын,сен де оқы!»
Дата: 2020-11-28 11:52:11
28.11.2020 күні сағат 11.00-11.30 аралығында ZOOM платформасында оқу мәдениетін дамыту, функционалдық оқу сауаттылығын арттыру және қолдау, әр түрлі жанрдағы ұлттық және әлемдік шығармаларды кеңінен тарату , кітап оқитын оқушылардың санын көбейту мақсатында «Мен оқимын,сен де оқы!» атты мектептің бастауыш сынып оқушылары, ата-аналары, мектеп қызметкерлерімен «READING TIME» 30 минуттық кітап оқу сағаты өткізілді.Кітап оқу сағатында мектептің кітапхана меңгерушісі Махашова Көптлеу Шойынбаевна оқушылардың оқыған кітаптарынан бірнеше сұрақтар қойды.Нәтижесінде оқушылардың кітап оқуға ынталы екндіктері байқалды.