Размер шрифта:

Информатика пәнінің мұғалімі Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызы "ZOOM платформасының мүмкіндіктерін оқу үдерісінде пайдалану" тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Дата: 2020-11-25 11:19:59
Информатика пәнінің мұғалімі Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызы
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-де 10.11.2020ж. күні сағат 11.00-де информатика пәнінің мұғалімі Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызы, жетекші мектеп Әлихан Бөкейханов атындағы 15 мектеп-лицейінің жұмыс жоспарына сәйкес магниттік мектептерге арналған онлайн форматта "ZOOM платформасының мүмкіндіктерін оқу үдерісінде пайдалану" тақырыбында онлайн семинар өткізді.  
Семинардың мақсаты: Zoom платформасының функциялық қызметтерін оқу үдерісінде тиімді қолдану арқылы топқа бөлу, witeboard тақтасына жазу, өшіру, бейнежазу мүмкіндіктерін қолдану туралы түсінік қалыптастыру арқылы педагогтердің АКТ құзыреттілігін дамыту.
Семинарда ZOOM платформасының келесі мүмкіндіктерін қолдану аясы туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.
1. Сабақты уақыт бойынша жоспарлау
2. Бейне кескінді баптау 
3. Топтық, жұптық жұмысты ұйымдастыру 
4. Жеке жұмысты ұйымдастыру 
5. Ұйымдастырушының жұмыс алаңына қатысушылар өзгеріс енгізу
6. Witeboard немесе jamboard тақтасын қолдану
Кері байланыс барысында семинарда маңызды ақпараттармен бөліскені жайлы айтылып, ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.
Автор: №5 ОМ