1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай zoom платформасы арқылы ашық сынып сағаты өтті

Дата: 2020-11-25 11:15:35
 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай  zoom платформасы арқылы ашық сынып сағаты өтті

Бүгін 6 Ә сынып оқушыларына 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай  zoom платформасы арқылы ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: 1 желтоқсан - «Тұңғыш Президент күні» мерекесін сезіне отырып, елімізде жас ұрпаққа білім беру саласында жасалып жатқан игі істер туралы мағлұмат беру, ел рәміздерін қастерлеуге, заман талабына сай жан-жақты, білімді, жігерлі және Отанын, туған жерін, халқын сүйетін тұлға тәрбиелеу; Бүгінгі сынып сағатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің өмірбаянын, сіңірген еңбегін еске түсіріп, Қазақстан Республикасы жайлы оқушыларға  блиц сауалдар қойылып, кери байланыс жасалды.

Автор: №5 ОМ