Размер шрифта:

Біздің - Елбасымыз

Дата: 2020-11-25 11:06:38
Біздің - Елбасымыз
Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 5 орта мектебінің  8 «А» сыныбында, Ж.М. Имангалиеваның ұйымдастыруымен  «Біздің- Елбасымыз»  атты, 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған өнеге сағаты өтті. 
Сабақтың идеясы: Рухани жаңғыру құндылықтарын дамыту
Сабақтың мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу; Әрбір қазақстандықтың тұлғалық дамуы үшін үшінші жаңғыру мүмкіндіктерін талқылау. 
Өнеге сағатында,  Елбасының өмір жолы, еңбектері, отбасы, марапаттары  туралы  жасалған презентацияға шолу жасалынды.  «Балалық шағымның аспаны» атты бейнефильмнен  үзінді көрсетілді.  Соңынан оқушылар  бейнефильм идеясы мен сюжетін талқылады.
Өнеге сағатын   мұғалім Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Жолдауынан “Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік» деп,  алынған  үзіндімен  қорытынды жасады.
Автор: №5 ОМ