Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Дата: 2020-11-20 08:36:03
Қазақ  тіліндегі 100 жаңа оқулық
Оқушылар сауаттылығын дамытып, кітапқа қызығушылықтарын арттыру мақсатында ЖББ №5 орта мектебінде 19 қараша күні «Рухани жаңғыру» аясында мектеп кітапханашысы Махашева К.Ш және қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шаймерден А.М. ұйымдастыруымен «Қазақ тіліндегі 100жаңа оқулық» жобасы бойынша кітаптарға
QR бағдарламасын енгізу туралы 7-8 сынып оқушыларымен онлайн-шоу өткізілді.
Оқушыларға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қандай бағыттағы оқулықтардың қазақ тіліне аударылып жатқандығы жайында мағлұмат берілді.
Осы орайда, мектеп кітапханаларындағы QR бағдарламасы енгізілген біршама кітаптармен таныстырылып,қашықтан оқыту кезінде оқушылардың сыртқа шықпай-ақ тапсырыс беріп , кітап оқуға болатындығын,оларды қалай дұрыс қолдану туралы керектігі туралы ақпараттар айтылды.
Автор: №5 ОМ