18.11 күні Zoo платформасымен арқылы кәсіптік бағдар бойынша отырыс өтті. Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсу ережелерімен таныстырылды.
Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар канику- лярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді. Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі. Институтқа түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр саясаты бөлімшелеріне өтініш (ерікті түрінде) береді.
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау жайлы ақпарат беру, өзіндік пікірін тыңдау, ойын еркін айтуға баулу.
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ табу, асырау ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе ». Ж.Аймауытов
Негізінде, мамандық таңдауда үш бастаманы жадыңда ұстанғаның жөн : қалаймын, қолымнан келеді және қажет. Яғни сенің таңдаған мамандығың өзіңнің мінез – құлқыңа сай келуін қадағала, қолыңнан келетін іске ұмтыл, заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықты да таңдаған дұрыс, жеке өзіңнің пікірің маңызды, жүрек қалауыңа сүйене отырып шешім қабылда.