М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінен 7 сынып оқушыларымен бірге «Буктрейлер» өтті
Дата: 2020-11-14 10:36:56
Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 5 орта мектебінде 13 қарашада , ZOOM платформасы арқылы М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінен 7 сынып оқушыларымен бірге «Буктрейлер» өтті.
Мақсаты : оқушылардың әңгімені арқау ете отырып ,кейіпкерлердің іс-әрекетін түсіну, әңгімеге қызығушылығын ояту, ой айта білуге іздендіру. Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу,өзі ойларымен бөлісу.
Буктрейлер барысында кітапхана меңгерушісі К.Ш.Махашова М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына буктрейлер арқылы қысқаша тоқталып өтті. Биыл біз «Бір ел-бір кітап», «Бір отбасы- бір кітап» акциясы аясында көптеген шараларды Абайдың 175 жылдық мерейтойына өткізіп жатырмыз. Әуезовтің шығармашылығында "Абай жолы" романының орны бөлек. Әуезов Абайдай ұлт мақтанышын дүниежүзіне танытқан қаламы қарымды қаламгер. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі аңыз сияқты басталады да реалистік баяндау түрінде аяқталады. М.Әуезов өзінің «Көксерек» әңгімесінде түрк аңыздарының ежелгі тақырыбын қозғаған. Автордың «Көксерек» әңгімесі «Абай жолы» романымен бірге венгр тіліне аударылды»
М. Әуезовтің «Көксерек» повесі – өзінің проблемалық өзектілігі жағынан, тақырыптық ерекшелігі жағынан бітімі бөлек шығарма. Әңгіме сол дәуірде үлкен бағыт алған адам-табиғат тақырыбына құрыла білген. Шығарма қазақтың қарапайым қойшы баласы – Құрмаш пен табиғаттың рөліне көшкен көксерек жайлы. Оқушылар шығарма желісі бойынша адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтар туралы ой қозғап,викториналық сұрақтарға жауап берді, «Көксерек» фильмінен қысқаша көрініс көрсетілді. Шараға қатысып ,ат салысқан 7 «А»,7 «Ә» сынып оқушыларына шығармашылық табыс тілейміз.
Жазушының шығармаларын қоғам болып, жас ұрпаққа на¬си¬хаттау, көпшіліктің ісі болып табылады.Сондықтан да іс-шара жалғасын таба бермек.