«Түнгі рейд»

Дата: 2020-11-13 10:03:40
«Түнгі рейд»

Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2020 жылдың 06 – 12 қараша күндері кешкі сағат 19.00 - 23.00 аралығында каникул уақытында түнгі рейд ұйымдастырылып, рейд жұмыстары жүргізілді.

Түнгі рейд шарасының басты мақсаты - өңірдегі жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу.

Түнгі рейдтік іс –шарада қала көшелері  Желтоқсан, Сейфуллин, Молдагулова, Мира көшелері, ықшам аудандар, қала орталығы бойынша ойын сауық, кафе, дүкендерге  және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. «Улыбка», «Веснянка», «Мерей»  түнгі кафелер, Томпиева көшесінде орналасқан компьютерлік клуб және қасында орналасқан  «Калянная», Казыбекова көшесінде орналасқан компьютерлік клубтары араланды. Рейд кезінде  комьютерлік клубтардан кәмелетке толмаған мектеп оқушылары болған жоқ,  бірақ  кәмелетке толмаған студенттер болды.  Олардың аты – жөні, қай колледждің студенті екенін анықтау кезінде біраз қиындықтар болды. Оларға түңгі 22.00 кейін далада немесе тағы басқа жерлерде ата – анасының қарауынсыз жалғыз жүруге болмайтындығы айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Автор: №5 ОМ