«Аққан жұлдыз» атты викторина

Дата: 2020-11-13 10:00:43
«Аққан жұлдыз» атты викторина
Балқаш қаласы, ЖББ №5 орта мектебі 5 “А”, 5 “Ә” сыныптары
Сынып жетекшілері: Шаймерден Асем Маралқызы, Какенова Айдана Талғатқызы қарашаның 12-сі күні, Шоқан Уалихановтың 185-жылдығына орай ұйымдастырылып отырған 5 “А”, “Ә” сыныптарының қатысуымен Зум-платформасында “Аққан жұлдыз” атты викторина өтті. Іс-шараның басты мақсаты: Шоқан Уалихановтың өмірбаянын еске түсіру, оқушылардың демалыс уақытын тиімді өткізу.
Викторина Шоқан Уалихановтың өмірбаянына қысқаша шолудан басталды. Оқушылар 5, 10, 15 ұпайға бағаланған сұрақтарды таңдап, өз жауаптарын берді. Аталған іс-шараға Асылбекова Алина, Маратұлы Ануар, Хайдар Жанель, Елубай Мадияр атты оқушылар өте белсенді қатысты. Викторинада жеңімпаз деп 45 ұпаймен Маратұлы Ануар танылды. Екінші, үшінші орындарды Асылбекова Алина, Хайдар Жанель атты оқушылар бөлісті. Іс-шараның аяғында, оқушылар викторинаға қатысты өз ойларымен бөлісті.
Автор: №5 ОМ