"Жыл мұғалімі" байқауының қалалық кезеңі

Дата: 2020-10-29 10:12:47
28.10 күні облыстық "Жыл мұғалімі" байқауының қалалық кезеңі аясында Қордабаева Айнур Атаковна биология пәнінен "Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро- және макроэлементтерінің маңызы. Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі.
Органикалық және минералды тыңайтқыштар (азотты, калий и фосфорлы)."тақырыбында қашықтықтан ZOOM платформасында сабақ өткізді.Мақсаты: Тыңайтқыштардың қызметін және қасиеттерің талдау. Органикалық тыңайтқыштар мен бейорганикалық тыңайтқыштарды салыстыру .
Тыңайтқыштардың маңызын талқылау.Сабақ АКТ ресурстарын,құралдарын қолдана отырып,оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, білім мазмұнын дамыту бағытында әрқилы тапсырмалар құрастырылып, қолданылды.
Сабақта жұмыс түрлерін жеке,жұптық,топтық жұмыстарды ұйымдастырып ,әр тапсырмаға критерий, дескриптор ұсынылып, сабақ кезеңдері қорытындыланып отырды.
Автор: №5 ОМ