2020 жылдың 23 қазан күні кезекші сыныптар арасында «Қамқоршылар күні» ұйымдастырылды.

Дата: 2020-10-26 09:56:06
2020 жылдың 23 қазан күні кезекші сыныптар арасында «Қамқоршылар күні» ұйымдастырылды.

Мақсаты:баланы өз отбасына тәрбиелеуге арналған отбасыларына қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау.                                             

Қамқоршы - түрлі себептермен ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар. Бұл мереке соларға арналған мереке, оларға ризашылық білдіру, оларды қолдау мақсатында аталып өтелмек.

Қайрымдылық түбі–береке. Сондықтан да қамқоршыларымызды  қолдау ретінде мектебімізде 2020 жылдың 23 қазаны күні бастауыш сынып мұғалімдері «Мейірімі мол – Жандар» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізіп, қамқоршы сөзінің мән мағнасын түсіндіріп, қамқоршылар туралы мағлұмат берді. Ата – анасының қамқорлығынсыз қалған 4 оқушымен әлеуметтік педагог  А.С.Касенова  «Біз бақытты баламыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Автор: №5 ОМ