Құрметті ата-аналар!
Дата: 2020-10-26 09:40:17
Балқаш қаласының бас санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылғы 23 қазандағы №24 қаулысының 4 тармақшасының 2 тармағын орындау мақсатында «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ кезекші сыныптарда оқитын балалардың, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарына баратын балалардың қозғалысы, кружкалар мен спорт секцияларына 1, 2 ауысым сабақ кестесіне сәйкес құралдар (мектеп рюкзактары, спорттық формалар және т.б.) болса, ересек адамның сүйемелдеуінсіз жүруге рұқсат етіледі.
Алаңдарда, аллеяларда, ойын алаңдарында және көшелерде кәмелетке толмағандардың қала бойынша мақсатсыз қозғалуы немесе бос жүрген жағдайда ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады.