Білім кілті - кітапхана. Кітапханаға саяхат жасау
Мақсаты:
1. Кітапхана өмірімен таныстыру.
2. Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.
3. Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.
1 сынып оқушыларын сынып жетекшісі Гүлден Жеңісқызы кітапханамен танысуға әкелді. Кітапханаға алғаш келген оқушыларды мектеп кітапханашысы кітапхананың ережесімен таныстыра отырып ,қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керек екендігі туралы мағлұмат берді. Жас жеткіншектерге арналған ертегілер,энциклопедиялармен танысты. Кітапхана сөзі грек тілінен алынған, кітаптар тұрағы деген мағынада
Балалар, кітапханада «Оқу залы», «Абонемент залы», «Оқырман формуляры» деген ұғымдар бар.
«Оқу залында»оқырман өзін қызықтырған кітабын алып оқи алады, ал енді бізге керек кітапты кітапханада кімнің көмегімен табамыз?(Жауап)
- Дұрыс. Кітапханада кітапты кітапханашы апайдың көмегімен таба аламыз.
Сондай - ақ, балалар кітапханада «Абонемент» залы да бар, ол жердегі кітаптарды балалар үйге алып оқуларына болады.
Ал, оқырман формуляры – ол әр оқырманның куәлігі, оқушы алған кітапты кітапханашы оқырман формулярына жазады. Кітапхана есігі әрдайым оқимын,білгім келеді дегендерге үнемі ашық. Кітапты тазаұстап, көп оқыған бала алғыр,өжет,білімді болады. Бәріміз кітаппен дос болайық!