Рухани - келісім күні
18 қазан елімізде айтулы күн, яғни «Рухани келісім күні». Бұл айтулы мереке 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші «Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі» өткен күннен бастау алған. Сол күні жиынға қатысушылар қазан айының 18-ін «Рухани келісім күні» - қақтығыстар мен жанжалдарға тосқауыл қою, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдаған болатын. Осы манифест Алматы қаласында қабылданғандықтан Алматы «Рухани келісім күнінің» алтын бесігіндей әсер береді.
«Рухани келісім күні» еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі.
Кітапханада осы атаулы күнге арналған «Діни келісім-бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.