Діни келісім –бірлік пен тұрақтылық кепілі

Дата: 2020-10-09 14:47:48
Діни келісім –бірлік пен тұрақтылық кепілі

Рухани келісім күні - татулықтың бастауы. 18-қазан елімізде Рухани келісім күні ретінде аталып өтіледі. 1992 жылдан бері мерекеленетін атаулы күннің маңызы зор. Өйткені 17 конфессия мен 140 ұлт өкілі тұратын еліміз үшін рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны бөлек.

Қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қойып, қайырымдылық пен көмекке шақыратын, сыйластық пен бірлікті арттыратын мерекенің маңызы жыл сайын артып келеді. Тіпті, өзге дін өкілдері де Рухани келісім күнін асыға күтетін көрінеді.

Православ шіркеуі мен Қазақстан мұсылмандары басқармасының арасында әріптестік тығыз байланыс орнаған.  Діни мереке күндері шіркеу, мешіттерді аралап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтамыз. Бұл біріншіден адамгершілік қасиеттің жоғары көрсеткіші дер едім. Сонымен қатар, Президенттің алға қойған мақсаттарының орындалып, халықтар арасында мызғымас достық орнағанының белгісі.

Қазақстан тәуелсіз, зайырлы және демократиялық мемлекет. Десе де, өзара ынтымақтастықты күшейтуге негізделген жиындар көптеп ұйымдастырылады. Олардың бірегейі 2003 жылдан бері өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезі. Сьезд зорлық-зомбылық, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмаудың алдын алуға зор ықпал етіп келеді. 

Автор: №5 ОМ