№1 Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес
Дата: 2020-09-22 11:39:09
Өткізу күні:10.09.2020ж
Өткізу уақыты:12-00
Өткізу форматы:ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан
Қатысушылар:мектеп әкімшілігі,педагогтар
Жиналыс төрағасы:мектеп директоры Абдуалиева А.Т
Хатшысы:Шаймерден А.М
Күн тәртібінде:
1.Қазақсатан Республикасы Білім және ғылым министірінің бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидалары» туралы.
2.Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп.
3.Педагогикалық әдептің негізгі нормалары туралы.
Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры А.Т.Абдуалиева педагогикалық әдеп жөніңдегі кеңес қызметінің ұйымдастырылуы ретімен таныстырды.
-Кеңестің өклеттік мерзімі үш жылды құрайды.
«Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің №190,11-мамыр 2020 жылғы бұйрығымен бекітілген педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:әділдік,адалдық,өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу жалпы адами құндылықтарды құрметтеу,үздіксіз кәсіби даму деді.
Педагогикалық негізгі нормалары педагог қызыметкер өз қызметінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына этномәдени құндылықтарына құрмет көрсетуге,қоршаған әлемге ұқыпты қарауға,жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Екінші сұрақ бойынша Өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды.Өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді,өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады.Өзі үлгі бола отырып,ұжымды тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Педагогикалық кеңес мүшелерінің төрайымы,хатшысы және кеңес мүшелерімен мектеп ұжымы таныстырылды.
Шешімі:
1.«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің №190,11-мамыр 2020 жылғы бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидалары» басты назарға алынсын.
2.Педагог қызметкерлер өз қызметінде педагогикалық әдептің негізгі нормаларын сақтасын.