Размер шрифта:

Проведен педагогический совет на тему: "Организация учебного процесса в новом учебном году 2020-2021"

Дата: 2020-09-09 15:35:51
Проведен педагогический совет на тему:
14.09.2020 ж. «Жаңа 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
Өткізу формасы: қашықтықтан
Қатысушылар:мектепәкімшілігі, педагогтар
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1. 2019-2020 оқу жылын қорытындылау
2. 2020-2021 оқу жылындағы мектептің жұмыс жоспары. Оқу жұмыс жоспарларын бекіту
3. Аттестаттау комиссиясының құрамы. 2020-2021 оқу жылындағы аттестатталушы педагогтардың тізімі
4. Мектеп этика кеңес мүшелерін сайлау
5. Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық
5.1 «Білім күнін» ұйымдастыру
5.2 Оқушылардың оқулықпен, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі 1-ші сұрақ бойынша директордың оқу ісінің орынбасары Торгаутова М.Д. сөз алып, 2019-2020 оқу жылын қорытындылады. 2-ші сұрақ бойынша 2020-2021 оқу жылындағы мектептің жұмыс жоспары мен оқу жұмыс жоспарларын бекіту туралы директордың міндетін атқарушы Жакупбекова С.А. таныстырды. Аттестаттау комиссиясының құрамы мен 2020-2021 оқу жылындағы аттестатталушы педагогтардың тізімі айтылды. Мектеп этика кеңес мүшелерін сайлау туралы Сауле Азихановна сөз сөйледі.Этика кеңес мүшелері: Даниярова Т.М -зейнеткер,Албергенова Т.Д-бастауыш сынып мұғалімі,Адамбаева Б.Т-қазақ тілі мен әдебиеті,Асылбекова А.Т-кәсіподақ төрайымы,Жумабекова Б.О-география пәні мұғалімі кеңес мүшелері болып тағайындалды.  5-ші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова А.Қ. сөз алып қысқаша «білім күнін» ұйымдастырылуы туралы айтып өтті. school.sdot.kz  платформасында сабақ процесін құру туралы Мұқаметжан Т.Д. түсіндіріп өтті. Оқушылардың оқулықпен, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі туралы да сөз қозғалды.
 
Шешімі:
1. Аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілсін
2. 2020-2021 оқу жылындағы мектептің жұмысжоспары құрылыпбекітілсін
3. «Білім күні» мерекесі ұйымдастырылсын
4. Оқушылар оқулықпен және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілсін.
Автор: СШ №5