«Мектепке жол» акция аясында ұйымдастырылған жұмыстардың ақпары
Дата: 2020-09-09 11:54:49
Биылғы жылдың 1 шілдеден 30 тамызына дейінгі аралықта республика бойынша «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы жүргізілді. Аталған акцияның мақсаттары: мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударту; міндетті орта білім алуға барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Осы мақсатпен қайырымдылық акцияларына кәсіпкерлерді, меценаттарды, демеушілерді ынталандыру жұмыстары жүргізілді. Мектебімізде де табысы төмен отбасынан шыққан мектеп оқушыларына қолдау көрсетужәне әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалудың алдын алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды.