Традиционные итоги городской предметной олимпиады
Білім бәсекесінің шыңы дәстүрлі мектепішілік пән олимпиадасынан бастау алары сөзсіз. Биылғы жылы жалпы білім беретін № 5 орта мектебінен мектепішілік олимпиадаға 7-8сынып оқушылары арасынан 20оқушы қатысып, қалалық кезеңге 15оқушы жолдама алды. Қоғамдық гуманитарлық бағыт бойынша 7оқушы, 8оқушы жаратылыстану –математика бағыты бойынша бақтарын сынады.
Мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қалалық кезеңінен жүлделі ІІІ орындар алды. 7 сынып бойынша Мұрат Сұлтан тарих пәнінен, Асқартай Қарақат қазақ тілі пәнінен, Серікбол Самал георграфия пәнінен, Кеңесбай Ақбота биология пәнінен, Жұмағали Мерұлан физика пәнінен ІІІ орынды, ал 8 сынып бойынша Касенова Алина қазақ тілі, Демалышева Анар математика, Кенжебекова Амина химия пәндерінен ІІІ орынды иеленді.