Ата-аналарға үндеу!
Дата: 2020-03-31 14:58:14
Құрметті ата-аналар!
Карантин – баршамыздың қауіпсіздігіміз үшін енгізілді. Төтенше жағдай кезінде әр тұрғынның саналығы мен тәртіптілігі – аса маңызды. Біздің ұстамдылығымыз бен ынтымақтығымыз және төтенше жағдайдың ережесін қатаң сақтауымыз – біздің балаларымызды қорғайды, қаланы қорғайды.
Біз бірге жеңеміз!
Короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша шаралар кезеңінде мектептің барлық сыныптарының балалары үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мынандай іс-шараларды ұсынамыз:
- Оқушыларды педагогтармен бірге қашықтықтан оқытуды қамтамасыз етеміз.
- Сабақ кестесімен, қашықтықтан оқытуды өткізу процесімен таныстырып отырамыз.
- Whatsapp чаттар, телеграм педагогтармен күнделікті байланыста боласыздар.
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері арқылы байланыса аласыздар.