Ата-аналарға үндеу!

Дата: 2020-03-31 14:58:14

Құрметті ата-аналар!

Карантин – баршамыздың қауіпсіздігіміз үшін енгізілді. Төтенше жағдай кезінде әр тұрғынның саналығы мен тәртіптілігі – аса маңызды. Біздің ұстамдылығымыз бен ынтымақтығымыз және төтенше жағдайдың ережесін қатаң сақтауымыз – біздің балаларымызды қорғайды, қаланы қорғайды.

Біз бірге жеңеміз!

 

Короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша шаралар кезеңінде мектептің  барлық сыныптарының балалары үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мынандай іс-шараларды ұсынамыз:

  • Оқушыларды педагогтармен бірге қашықтықтан оқытуды қамтамасыз етеміз.
  • Сабақ кестесімен, қашықтықтан оқытуды өткізу процесімен таныстырып отырамыз.
  • Whatsapp чаттар, телеграм педагогтармен күнделікті байланыста боласыздар.

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері арқылы байланыса аласыздар.

Автор: №5 ОМ