Құрметті «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-нің ата-аналар мен оқушыларға арналған, қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде жадынама:
- сабақтың басталу уақыты ..... (кейін хабарланады);
- сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;
- сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);
- компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;
- арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;
- сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;
- балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатынкиім мен халаттарда емес);
- Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек. Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;
- сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;
- егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып қолыңызды көтеріп жауап бере аласыз;
- оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;
- мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;
- сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады;( тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);
- балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;
- мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады;
- сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;
- сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.