Балабақшаға жаңадан келген балалардың үйрену кезеңіндегі ата – аналарға кеңес.
1. Балаларға олардың балабақша жасына жеткенін, өскенін білдіру. 2.Алғашқы кезде балабақшада толық күнге қалдырмай, ертерек алуға тырысу. 3.Отбасында тыным атмосфера жасау. 4. Жүйке жүйесіне салмақ түсірмеу. Теледидар көру уақытын азайту. 5. Ата – ана баласының жеке басы ерекшеліктеріне медбикеге, тәрбиешіге ескертуге міндетті. 6. Аса қатты қалыңдатып киіндірмей, топ бөлмесінің температурасына сай киіндіру. 7. Демалыс күндері балабақша кестесін сақтауға тырысу. 8. Баланың жағымсыз қылықтарын жазалауға асықпау керек. 9. Баланың бойынан өзгеше қылықтар, өзгерістер байқасаңыз. Дер кезінде колға алуға тырысыңыз. 10.Балабақша дәрігеріне немесе психологқа жүгініңіз. Балаға деген махабаттыңыз балаға өте қажет. Бұл өмірдегі ең керемет балаңыз екенін, балаңызға ұққыза біліңіз.