«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қарар жобасы «Білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгі қағидаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ж
Құрметті ата-аналар мен мұғалімдер!
Сіздің назарыңызға жеткіземін, Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі және орта білім департаменті 12.04.2018 ж.№ 983-Д//53-р-8//20-34/П-1088 нөмірі бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысының бұйрығы негізінде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қарар жобасы «Білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгі қағидаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыруды бекіту туралы»бұл жобаны педагогикалық және ата-ана қоғамдастығымен кең талқылауға салады
5, 8, 10, 12, 13-тармақтарға ерекше назар аудару қажет.
5-тармақ білім беру ұйымдарының басшыларына ата-аналармен немесе балалар мен оқушылардың басқа заңды өкілдерімен мектеп формасын кию мәселесін реттеуге және мұғалімдерге құрметпен қарауға байланысты білім беру қызметтерін көрсету туралы Келісім жасасу туралы нормадан тұрады.8-тармақта баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері оқу үшін кез-келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы.
10-тармақта балаларды қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін және осы құжаттарды қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, бірінші сыныпқа қабылдану ережелерін анықтайды.
12 және 13-тармақтарда оқушылардың 2-9, 10-11 сыныптарға қабылдау нормасы жазылған.
Жобамен танысуды және оның мазмұны бойынша ұсыныстар жасауды сұраймын.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім алуға қабылдаудың типтік ережелеріжобасы қоса тіркелген.