Размер шрифта:
↑

14 қыркүйекте КММ «№10 жалпы білім беретін мектепте» 1–11 сынып оқушыларына арналған тақырыптық сынып сағаттары өтті.

Дата: 2026-11-24 14:54:58
14 қыркүйекте КММ «№10 жалпы білім беретін мектепте» 1–11 сынып оқушыларына арналған тақырыптық сынып сағаттары өтті.

14 қыркүйекте КММ «№10 жалпы білім беретін мектепте» 1–11 сынып оқушыларына арналған тақырыптық сынып сағаттары өтті.

Сынып сағаттары барысында оқушылар еңбек құқықтары мен міндеттері, мамандықты саналы түрде таңдау, жеке және цифрлық қауіпсіздік, сондай-ақ болашақ кәсіби қызметке жауапкершілікпен қарау мәселелерін талқылады.

1–4 сыныптар:

  • «Ортақ іске қосар үлесім»;
  • «Еңбек, құқықтар мен міндеттер»;
  • «Құпия сөз — отбасылық кодсөз».

5–8 сыныптар:

  • «Еңбек ету құқығы және кәсіби жолды саналы таңдау»;
  • DOSBOLLIKE — «Көру, сезіну, есту»;
  • «Жеке қауіпсіздік»;
  • «Қаламызда қандай кәсіптер мен мамандықтар сұранысқа ие?»;
  • «Интернеттегі жас шектеулері және олардың не үшін қажет екені».

9–11 сыныптар:

  • «Мектепте алған дағдылардан кәсіби құзыреттерге дейін: мен нені меңгердім және нені дамытуым керек?»;
  • «Еңбек құқықтары және болашақ кәсіби қызметке жауапкершілікпен қарау»;
  • «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қалай қамтамасыз етуге болады?».

Сынып сағаттарын өткізу оқушылардың құқықтық сауаттылығын, қауіпсіздік мәдениетін, еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыруға және болашақ мамандығын жауапкершілікпен таңдауына ықпал етеді.

 

Автор: №10 ЖББОМ