Қазақстан-барлық халықтар үшін ортақ үй
Дата: 2025-02-28 14:32:46

25 ақпанда Балқаш қаласының қалалық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанда тұратын халықтар мәдениетінің фестивалі өтті. Біздің мектеп өзбек халқының мәдениетін таныстырды. «Денс - класс» би ұжымының қыздары өзбек ұлттық биін орындады, өзбек халқының салт-дәстүрлері айтылды.
Біздің еліміздің күші-халықтар бірлігінде!