18 қаңтарда «№ 10 ЖББМ» КММ-сінде 0-4 сыныптар арасында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында кезекті сабақ өтті.

Дата: 2024-01-19 14:59:29
18 қаңтарда «№ 10 ЖББМ» КММ-сінде 0-4 сыныптар арасында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында кезекті сабақ өтті.

18 қаңтарда «№ 10 ЖББМ» КММ-сінде 0-4 сыныптар арасында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында кезекті сабақ өтті.

«Баланың  тапқырлығы  пен эрудициясын  қалай дамыту керек» тақырыбындамұғалім  Новокшонова Ирина Сергеевна тренинг өткізді.

 Ата-аналар ойынның баланың тұлғасын қалыптастырудағы маңызы, оның интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға әсері туралы білді. «Танграм» ойынының пайда болу тарихымен танысты. Тәжірибеде түрлі фигураларды өз бетінше жинай алды. «Тек көңілді сөздер», «Өмірбаян», «Сиқырлы тізбек» сияқты ойындар туралы білдік. Ата-аналар арифметикалық тапсырманы сіріңкелермен  шешті. Логикаға арналған тестті шешу кезінде өз эрудицияларын  көрсетті. Тренингтің соңында доппен ойнауға қызығушылық танытты. Отбасы шеңберіндегі зияткерлік ойындар - эрудиция мен ақылдылықты дамытудың жоғары нәтижелер беретін және отбасының бос уақытын, балаларды тәрбиелеу мен оқытуды біріктіруге мүмкіндік беретін ең тиімді тәсілі деген қорытындыға келді. Қорытындысында әрқайсысы сыйлық ретінде«Танграм» ойынын сыйға алды. Ата-аналар жақсы көңіл күйде ,ризашылықтарын білдіріп үйлеріне қайтты.

Автор: №10 ЖББОМ