10.11.2023 жылы «№10 ЖББМ» КММ «Балқаш қаласы прокуратурасының» прокуроры Арман Серікұлы Абдрахмановтың қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті.

Дата: 2023-11-14 09:00:07
10.11.2023 жылы «№10 ЖББМ» КММ «Балқаш қаласы прокуратурасының» прокуроры Арман Серікұлы Абдрахмановтың қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті.

10.11.2023 жылы «№10 ЖББМ»КММ «Балқаш қаласы прокуратурасының» прокуроры Арман Серікұлы Абдрахмановтың қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының тақырыбы профилактикалық сипатта болды: «Жастар арасындағы нашақорлық. Жасалған теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту және ҚР Заңын бұзғаны үшін жазалау шаралары туралы».

Ата-аналар жастар арасындағы есірткіге тәуелді тұлғалардың ресми статистикасымен, синтетикалық есірткінің оңай қол жетімділігі туралы танысты. Ата-аналардың назары соңғы уақытта кәмелетке толмағандардың есірткі заттарын тарату және сату фактілеріне аударылды. А.С.Абдрахмановбаланың есірткі қабылдағаны туралы қандай белгілерден болжауға болатынын айтып берді, оларға қызметтік тәжірибеден мысалдар келтірілді. Ата-аналарға кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

Әңгіме соңында ата-аналар талқыланған тақырып бойынша сұрақтар қойды. Содан кейін олардың назарына мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын насихаттау бойынша өткізетін іс-шаралары туралы «Менің таңдауым-есірткісіз өмір!»

Автор: №10 ЖББОМ