02.008.2023 ж. Балқаш қаласының «№10 ЖББМ»КММ мектеп директоры С.Г.Укпешова ата-аналарымен «Жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек көрсету және жаңа оқу жылын ұйымдастыру туралы»тақырыбында тікелей эфир өткізді

02.008.2023 ж. Балқаш қаласының «№10 ЖББМ»КММ мектеп директоры С.Г.Укпешова ата-аналарымен «Жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек көрсету және жаңа оқу жылын ұйымдастыру туралы»тақырыбында тікелей эфир өткізді.Сауле ГазисовнаУкпешова ата-аналарға биылғы жылы ақшалай көмектің мөлшері 40 567 теңгені құрайтынын хабарлады.
Материалдық көмек алу үшін ата-ана немесе заңды өкіл санатты растауға электрондық үкімет порталы арқылы не тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш береді.
Табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын есептеу механизмі АӘК алу механизміне ұқсас.
АӘК алудан бас тартқан кезде отбасының табысы есептеледі, ол автоматты түрде тиісті ақпараттық жүйеде көрсетіледі. Санатты растау 15 күн ішінде қаралады.
Мектеп бұл ақпаратты автоматты түрде алады, құжаттарды қағаз нұсқасын ұсыну талап етілмейді.
АӘК алатын санатқа жатпайтын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бірақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың ата-аналары мектепке өтінішпен жүгінуі қажет.
Өтінішті алқалы орган - қамқоршылық кеңесі қарайды. Нәтижесінде отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы қорытынды жасалады және тиісті шешім қабылданады.
Өтініш пен растайтын құжаттар мектепке және жетім балалар мен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Бұл қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін ата-аналар 15 күн ішінде оқу құралдарын сатып алу туралы есеп беруі керек. Шығындарды растау үшін чектер немесе түбіртектер қажет болуы мүмкін.
Құрметті ата-аналар!
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:66026, 44911