Размер шрифта:

Бұл ең жақсы кез болды!

Дата: 2023-06-22 13:11:16
Бұл ең жақсы кез болды!

Бұл ең жақсы кез болды!

Осымен мектеппен қоштасу уақыты келді! Мектеп жылдары! Бұл ең жақсы кез болды! Мектепте алаңсыз балалық шақ өтті, жастық шақ келді. Алайда, оқу жылдары аяқталды. 21 маусымда мектепте 2023 жылғы есейген түлектерге  аттестаттарын тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шараны жүргізушілер-түлектер Степан Жузбаев пен Сабина Абдуалиева ашты. Залға қатысқан педагогтар, ата-аналар 11 сынып оқушылары мен қыздарының қошеметіне бөленді. Мектеп директоры С.Г. Укпешова құттықтау сөз сөйледі.                      

11 жыл бойы түлектер түрлі деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысты.                             ТЖ жөніндегі директордың орынбасары Л.В. Кириченко сынып Президенттеріне, мектеп Парламентінің депутаттарына, спортшылар мен белсенділерге грамоталар табыс етті. Сондай-ақ ата-аналарға алғыс хаттар табысталды: «Ананың жүрегі» аналар кеңесінің төрайымы С.Ю. Лобаскина және кеңес өкілі А.З. Сатвалдина. 2023 жылғы бітіру туралы бұйрықты ОЖжөніндегі директордың орынбасары Л. Ю. Ридель оқыды. Биыл №10 жалпы білім беретін мектепті 34 оқушы бітірді, олардың арасында қызыл аттестатпен Сабина Абдуалиева, Алина Оспанова бар.

Салтанатты сәт келді: аттестаттарды тапсыру! Салтанатты музыканың үнімен және қатысушылардың қошеметімен түлектер орта білім туралы құжаттыалды!

Балаларды ата-аналар, сынып жетекшілері, білім беру ардагері, биология пәнінің мұғалімі Т.Т. Огаренко құттықтады. Жүргізушілер түлектердің атынан барлық педагогтарға, мектеп қызметкерлеріне, ата-аналарға тәрбие мен оқыту үшін алғыстарын білдірді. Соңында түлектердің орындауында ән шырқалды. Экранда «Бұл ең жақсы кез болды!». Рәсім суретке түсірумен аяқталды.

 

Сәт сапар, құрметті түлектер! Қош бол!

Автор: №10 ЖББОМ