Темір жолдардың болат жіптері

Дата: 2023-05-24 14:13:12
Темір жолдардың болат жіптері

22.05.2023 жылы «№10 ЖББМ» КММ 8,9 сынып оқушылары 22 адам санымен Балқаш қаласының локомотив депосына экскурсияға барды. Экскурсияны әкелер кеңесінің төрағасы, мектептің ата-анасы Алексей Сергеевич Русских ұйымдастырды және өткізді.

Экскурсия басталар алдында оқушылармен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Нұсқаушы теміржолдағы жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып берді және мысал келтіре отырып, пойыздардың қозғалыс аймағындағы жауапсыз жүріс-тұрыстың қауіптілігі неде екенін түсіндіріп, өз әңгімесін бейнеролик көрсетумен болды. Оқушыларға теміржол жолдары қауіптілігі жоғары объектілер болып табылатындығы ескертілді. Бұл балалар ойындары мен ойын-сауықтары үшін орын емес!

Балаларға диспетчерлік, медициналық кабинет көрсетілді, депо жұмысының технологиясы туралы айтылды. Содан кейін оқушылар тепловоз кабиналарына барып, өздерін машинист ретінде сезіне алды. Балалар теміржол бригадаларын рейстік даярлау, тепловоздарға техникалық қызмет көрсету қалай жүргізіліп жатқанын көрді.

Экскурсияның негізгі мақсаты-оқушылардың кәсіби бағдарлануы, теміржолдағы жүріс-тұрыс нормаларын түсіндіру, жолдардағы балалар жарақаттануының алдын алу. Осындай кәсіптік бағдарлау және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да өткізіледі деп үміттенгім келеді!

Экскурсия балаларға ұзақ уақыт есте қалады, мүмкін болашақта мамандық таңдағанда олардың біреуі теміржолшылар қатарын толықтырады. Қызықты экскурсия үшін депо басшысы К.С.Адамбаевқа және қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!

Алексей Сергеевич Русскихке мектеппен тұрақты ынтымақтастығы үшін ерекше алғыс білдіреміз!

Автор: №10 ЖББОМ