Бұл көз жасымен болған мереке

Дата: 2023-05-10 10:57:26
Бұл көз жасымен болған мереке

2023 жылғы 5 мамырда мектептің барлық сыныптарында екі айтулы мерекеге – Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған сыныптық тақырыптық сағаттар өткізілді. Сынып сағаттары екі бөліктен тұрды. Біріншісі Отан қорғаушылар мерекесіне арналды. Қыздар сынып жетекшілерімен және ата-аналарымен бірге түрлі конкурстар, ойындар дайындады. Ал, еліміздің болашақ қорғаушыларына сыйлықтарұсынылды!

Мерекенің екінші бөлімі оқушыларға презентациялар, бейнероликтер арқылы сол алыс, бірақ есте қаларлық күндерде экскурсия жасауға мүмкіндік берді. Жер бетіндегі бейбітшілік үшін өз өмірлерін бергендер еске алынды. Бір минут үнсіздікпен барлық қаза тапқандар мен жарақаттардан қайтыс болғандарды еске алды. Бұл күні соғыс жылдарындағы әндер, өлеңдер шырқалды.

https://youtube.com/shorts/5dnkLL7sAQ8?feature=share

https://youtu.be/MfOS_XZm6nI

Автор: №10 ЖББОМ