20.04.2023 жылы «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖМ мектеп оқушыларына ашық есік күнін өткізді.

20.04.2023 жылы «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖМ мектеп оқушыларына ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға «№10 ЖББМ» КММ 9-сынып оқушылары қатысты.
Оқушылар үшін түрлі бағдарлама дайындалды:
«Спорттық турнир» өткізілді, онда балалар өздерінің күш-қуатын, ептілігін және командалық рухын көрсетті.
«Менің таңдауым - менің болашағым» тренингі өздерінің кәсіби ниеттерінің мүмкіндіктері туралы нақты түсінік алған, мамандықты таңдауға жауапкершілік сезімін тәрбиелейтін балалардың қызығушылығын тудырды.
«Квест – экскурсия» - колледж зертханалары бойынша зияткерлік ойын.
Оқушылар колледж мамандықтары туралы нақты білді, мамандық мамандарына қойылатын талаптармен танысты.
ZOOM платформасындағы мектептердің кәсіби бағдар берушілері үшін «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығында жоба жетекшісі Ж.С.Меңдыбаева тренинг өткізді.
Содан кейін жұмыс берушілермен және колледж түлектерімен кездесуі өтті, олар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жақын болашақта өз ісінің маманы болуды тіледі.