Әдемі жандарға арналады…

Наурыз айының басында қыс мезгілі өзінің билігін көктемнің сұлулығына бергісі келмегенде, адамзаттың әдемі жартысы - Әйелдер мерекесі тойланады!
Мектеп ауласында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні»баннері орналасқан. Осы күні мектепте «Көктемгі көңіл-күй»ақпараттық стенді ресімделді. 6 наурыз-8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған сынып сағаттары өткізілді. Ұлдар осы күннің пайда болу тарихын айтып, өлеңдер, байқаулар дайындады. Бастауыш сыныптарда ертеңгіліктер өткізілді, оғаншақырылған аналар мен әжелерқатысты. Осы мереке алдындағы күндері мектеп оқушылары мұғалімдерді - әйелдер, қыздар, мектеп қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
7 наурыз күні таңертеңненмектеп фойесінде әндер шырқалды, үлкен экранда музыкалық бейнелер көрсетілді. 9-11 сынып оқушылары мен 7-8 сынып оқушылары нәзік жандыларды құттықтау сөздерімен қарсы алды.
Көктемгі жарқын әйелдер күнімен!