Рахмет саған, Қазақстан жері!

Дата: 2023-03-02 14:52:35
Рахмет саған, Қазақстан жері!

Оқушылардың бойында патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру, Отан туралы білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында 20 ақпаннан бастап мектепте Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар басталды. Мектеп ауласында Алғыс айту күніне арналған баннер орнатылды. Мектеп кітапханасында (кітапхана меңгерушісі Н.Н.Куприянчик) «Қазақ еліне тағзым» көрмесін ұйымдастырды. «Мектеп планетасы» стендінде «Алғыс айту күні» ақпараттық материалы ресімделді. 1 наурызда мектеп фойесінде музыка шырқалды.

Сабақтар басталғанға дейін мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері үшін Алғыс үйірмесі ұйымдастырылды. Барлық сынып оқушылары үшін де осындай үйірмелер ұйымдастырылды. Флешмоб өткізілді, оның соңында барлығы: «Біз – Қазақстан халқы!».

Үлкен үзілісте эфирде «Менің Қазақстаным – менің махаббатымды қабыл ал!» радио анонс айтылып, мектеп парламентінің патриотизм фракциясының депутаттары 9 «в» сынып оқушылары Людмила Васильева мен Артем Медведев өткізді.

27 ақпанда барлық сыныптарда «Мен дүниеге келген жер» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілері сынып активімен бірге осы мерекенің тарихы туралы айтып, презентацияларды көрсетті. Елге, Президентке, мектепке, ата-аналарға және т. б. алғыс сөздер айтылды.

1-8 сынып оқушылары арасында акция өткізілді.

Көк жүректерге балалар алғыс сөздерін жазды. «Мен сізға рахмет айтамын» атты жүректері бар колонна ресімделді. 9-11 сынып оқушылары «Мейірімді сөздер сыйла!»алғыс сөздеріменмейірімділік эстафетасына қатысты.

Оқушылар сарайы ұйымдастырған «Ақ жүрек» қалалық челленджіне қатысты.

Мектеп фойесінде үлкен экранда осы күні «Ақ жүрек» бейнеролигі, жақсылық эстафетасының бейнероликтері көрсетілді.

Алғыс айту күніне арналған іс-шараларға барлық сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар қатысты.

Автор: №10 ЖББОМ