Болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету мақсатында 26 қаңтарда Оқушылар сарайында 9-11 сынып оқушылары қатысқан мамандықтар жәрмеңкесі өткізілді.
Дата: 2023-01-27 09:24:36

Болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету мақсатында 26 қаңтарда Оқушылар сарайында 9-11 сынып оқушылары қатысқан мамандықтар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары: ҚарМУ, ҚарТУ, ҚЭУ, Орталық-Қазақстан академиясы, экономика және бизнес колледжі, политехникалық колледж, «Қазаэронавигация» РМК, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты ұсынылды. Оқушылар оқу орындарымен жақынырақ танысып, өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап ала алды. Болашақ түлектермен бірге жәрмеңкеге ата-аналар да келді.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа оқу орны мен болашақ мамандықты таңдауда қателеспеуге көмектеседі!