2023 жылғы 19 қаңтарда Білім басқармасының басшысы Г.Ш. Кожахметованың төрағалығымен онлайн режимде облыстық жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Дата: 2023-01-19 22:30:14
2023 жылғы 19 қаңтарда Білім басқармасының басшысы Г.Ш. Кожахметованың төрағалығымен онлайн режимде облыстық жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

2023 жылғы 19 қаңтарда Білім басқармасының басшысы Г.Ш. Кожахметованың төрағалығымен онлайн режимде облыстық жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа әкімшілік мүшелері, әлеуметтік педагог, «Әке иығы» әкелер кеңесінің төрағасы А.С.Русских, сынып жетекшілері, 50 адамнан тұратын                          5-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.

Жиналыста өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша әрбір ата-анаға қатысты өзекті мәселелер тыңдалды.

«Синтетикалық есірткінің жаңа түрлері»қолдану мен таратудың алдын алу» тақырыбында баяндамасымен Қарағанды облысы ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы полковник Александр Владимирович Бузук сөз сөйледі. Баяндамашының сөз сөйлеуімен қоса, көрсетілім көрсетілді.

Екінші мәселе бойынша Қарағанды облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының майоры аға инспекторы Асель Бахытжановна Омарова сөз сөйледі, ол ата-аналар назарына жалған шақыртулар үшін жауапкершілік туралы жеткізді және жазалау шараларын айтты.

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кенжебай Дарбаевич Искакбаев кәмелетке толмағандар мен ата-аналардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы айтып берді.

Жиналыс соңында ата-аналарға ұсыныстар берілді: алынған ақпаратты назарға алынсын.

Ата-аналар Қарағанды облысының білім басқармасына, мектептің баяндамашылары мен педагогтарына кездесуге қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Автор: №10 ЖББОМ