Біз жаңа әділ Қазақстан үшін!

9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтіледі. Жыл сайын «№10 ЖББМ» КММ-де оқушылардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мүмкіндіктерін көрсету мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі. 2 желтоқсанда «Адал Ұрпақ» клубының отырысы өтті, онда сыбайлас жемқорлық және онымен күрес жолдары туралы әңгіме болды. Ұсыныстар негізінде «Жаңа әділ Қазақстан үшін» іс-шаралар жоспары жасалды. 5 желтоқсанда 5,6 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлық деген не?», ал «сыбайлас жемқорлыққа қарсы ликбез» құқық сабағы- 7,8 сыныптарда. 9-11 сынып оқушылары «Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлем үшін» атты құқық сағатында өздерінің болашағы туралы әңгімеге қатысты. 1-4 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге «Ертегілер әлеміндегі сыбайлас жемқорлық» ертегілер әлеміне саяхат жасап, тіпті ертегілерде де сыбайлас жемқорлық бар екенін және онымен бүкіл әлеммен күресу керек екенін білді!