Кім болу керек? Қызықты мамандықты таңдаймыз!
Дата: 2022-11-29 10:23:03

24 қарашада Оқушылар сарайында қала мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің өкілдерімен кездесуі өтті. Оқушылар университет туралы ақпаратты тыңдап, студенттік өмір туралы бейнеролик көрді. Оқушылар қойған сұрақтарына толық жауап берді. Болашақ студенттерді оқу гранттарынан бастап жатақханадан орын алуға дейін барлығы қызықтырды. №10 ЖББМ 9 сынып оқушысы Варвара Станина спортпен шұғылданады және оның арманы 11 сыныптан кейін ҚарМУ-дыңдене шынықтыру және спорт факультетіне түсу. Варя осы факультетте грант алу үшін қажетті ұпайлар туралы сұраққа қызығушылық танытты.